Кәдімгі күйкентай

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Кәдімгі күйкентай
Еркек күйкентай
Еркек күйкентай
Амандық күйі
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Сұңқартәрізділер
Тұқымдасы: Falconidae
Тегі: Falco
Түрі: F. tinnunculus
Екі-есімді атауы
Falco tinnunculus
Linnaeus, 1758
Western part of range of F. t. tinnunculus (also occurs in Siberia farther east) Yellow = breeding only, green = all-year
Western part of range of F. t. tinnunculus
(also occurs in Siberia farther east)
Yellow = breeding only, green = all-year
Subspecies

About 11, see text

Синонимдері

Falco rupicolus Daudin, 1800 (but see text)
Falco tinnunculus interstictus (lapsus)

Falco tinnunculus

Кәдімгі күйкентай (лат. Falco tinnunculus) – сұңқартәрізділер отрядына жататын жыртқыш құс.


Қазақстанда кең тараған. Орманды далада, дала және шөлейтті аудандарда мекендейді.

Шәулісінің қанатының ұзындығы 23 – 26 см, салм. 160 – 200 г, ал ұябасарында 24 – 28 см және 190 – 280 г. Күйкентайдың аталығының басы, арқасы, құйрығының үсті сұр, көкшіл, ал бауыры тамшы тәрізді теңбілі бар бурыл реңді. Ұябасарының басы, арқасы және құйрық үсті теңбілді қызғылт сары, бауырында тамшы тәрізді теңбілі ұзына бойына орналасқан. Жас күйкентайлардың реңі ұябасарларына ұқсас, бірақ бауыры тұтас қара теңбілді келеді. Күйкентайлар – жыл құсы. Наурызда ұшып келеді. Топталып ағаш басына ұялайды. Сәуірдің 2-жартысында ұяда 3 – 8 (көбіне 4 – 5) бурыл дақты сарғылт жұмыртқа салады. Оларды ұябасары 30 күндей шайқайды, балапандары бір айдан соң ұядан ұшады.

Қорегі – майда кеміргіштер, құстар, кесірткелер мен жәндіктер. Тамыздың аяғы – қазанның басында жылы жаққа ұша бастайды. Кейбіреулері Қазақстанның орталығы (Наурызым қорығында) мен Орта Азияда, ал басым бөлігі Оңтүстік Азия мен Африкада қыстайды. Ауыл шаруашылығы зиянкестерін жеп пайда келтіреді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Falco tinnunculus