Оқ

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Оқ – оқатар қаруынан атылатын патронның бас бөлігі.[1] Оқты ату патронның оқ-дәрі қуатының есебінен жүргізіледі. Нысананы сенімді жою үшін оқтың нақты қаруға (тапаншаның, автоматтың, пулеметтің, т.б.) тән барлық қашықтықтарында жеткілікті жою күші, тескіш және арнайы әрекеті болуы керек. Қазіргі атыс қаруында оқтың ұшуының тұрақтылығы үшін оған ұңғы арналарындағы ойықтар көмегімен айналмалы қозғалыстар беріледі.

Оқтың құрылысы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Оқтың сыртқы құрылысын таңдау, ең алдымен, ауа қарсылығын азайту міндетіне бағынады. Сыртқы құрылысы бойынша оқ басты (бекітпелі), жетекші (цилиндрлі) және соңғы бөліктерді құрайтын айналмалы сопақша бітімде жасалған. Оқтың жалпы ұзындығы 5,5 калибрге дейін жетеді. Жетекші бөліктегі оқтың көп түрінің жетекші бөлімдерінде оның оқсауытын бекітуге арналған сақиналы ойығы болады. Ішкі құрылысы бойынша оқ қарапайым және арнайы болып бөлінеді. Қарапайым оқ ашық немесе жеңіл қалқаның артындағы адам күшін және қарсыластың сауытталмаған техникасын, ал арнайы оқ жеңіл сауытталған техниканы жоюға, сонымен қатар атыс нысанасын көрсету мен дәлдеуге арналған. Қарапайым оқ қабықсыз (тұтас) және қабықты болады. Арнайы оқ (сауытбұзар, тұтатқыш, сауытбұзар-тұтатқыш, жарқырағыш, сауытбұзар-тұтатқыш-жарқырағыш, атыстық) қабықты болып келеді және оларда қарапайым болат өзектің орнына арнайы сауытбұзар өзек, жарқырауық, тұтатқыш құрамдар орналастырылады.

Ішкі сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы 7- том