Пулемет

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
ДШК пулемёті (КСРО)

Пулемёт — жердегі және әуедегі нысаналарды оқпен жоюға арналған автоматты шапшаң атылатын қару.

Пулемет — ұжымдық қару, әдетте бірнеше адамнан тұратын пулеметшілер тобы болады. Пулемет құрылысына, жұмсалуына қарай қол станокты, ірі калибрлі пулемет болып бөлінеді.

Қол пулемет орнықты болу үшін оның жерге тірелетін металл тіреуіші (аяғы) болады.

Ал станокты және ірі калибрлі пулеметтер станокқа немесе арнаулы қондырғыларға орналастырылады. Нысананы атуына қарай пулеметтер жердегі нысананы ататын, ұшақтар мен әуедегі нысананы ататын пулемет (зениттік және пулеметтік қондырғылар) болып бөлінеді. Пулеметтің ұшақтар мен танкілерде қолданылатын, авиациялық және танкілік түрлері болады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001