Канканай

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Канканай
канканаи, лепанто
Бүкіл халықтың саны

240 000

Ең көп таралған аймақтар

 Филиппин

Тілдері

канканай тілі

Діні

дәстүрлі наным-сенімдер

Канканай ( өз атауы – канканаи, лепанто)[1]Филиппин аумағында тұратын халық.[2] Олар Лусон аралының таулы аймақтарын мекендейді.[3] Жалпы саны – 240 000 адам.[4]

Тілі - канканай тілі. Орталық Канканай тілінде 4 диалекті бар. Жазуы латын әліпбиіне негізделген. Ағылшын, бонток, илокано тілдері де жиі кездеседі.[5]

Сенушілердің діни сенімдері: дәстүрлі наным-сенімдер.[6]

Канканайлар суармалы террассалық егіншілікпен (күріш, тәтті картоп, таро, кофе), мал шаруашылығымен (қарабао бұқалары, жылқылар, шошқалар, құстар, иттер), сондай-ақ алтын және басқа да пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу, көрші елдермен саудамен айналысады. Тоқу, тоқыма өнері, ағаш және металл өңдеу дамыған.[7]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауылды көсемдер пен кеңес (тонг-тонг) басқарады. Ауыл тұрғындары бай (бакнанг), орта және кедей (абитуг) болып бөлінеді. Отбасы шағын. Неке билокальды және неолокальды болып табылады. Бұрын бас аулауға байланысты рәсімдер, салт-дәстүр бойынша мүлікті тарату, қыздар үйі, ұлдар үйі сақталған. Бақсылар, құрбандық шалу бар.[8]

Дәстүрлі баспаналары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауылдары ірі болып келеді, шашыраңқы, кварталдарға (ато) бөлінген. Ағаштан немесе бамбуктан, төбесі сабанмен, шөппен немесе жапырақтармен жабылған жер үсті үйлерде тұрады.[9]

Дәстүрлі киімдері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Канканайлар киіммен ерекшеленеді. Әйелдер көйлегі негізінен қызыл және қара түстерден тұрады, олар негізінен бакгет және гатенг деп аталатын белдемше. Ер адамдар G-стрингт киді, Бесао мен Сагадада олар "трусики"деп аталады. Дизайны әлеуметтік мәртебесіне немесе тұрған жеріне байланысты өзгеруі мүмкін. Әйелдер мойнына металл немесе қола әшекейлер киеді, ерлер басына лента байлайды. Татуировкасы (негізінен геометриялық әшекейлер) басқа филиппиндіктердің татуировкасынан айтарлықтай ерекшеленеді.[10]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазіргі заман энциклопедиясы. Тексерілді, 24 тамыз 2024.
  2. Канканай. Тексерілді, 24 тамыз 2024.
  3. Канканай. Тексерілді, 24 тамыз 2024.
  4. Канканай. Тексерілді, 24 тамыз 2024.
  5. Үлкен Ресей энциклопедиясы. Тексерілді, 24 тамыз 2024.
  6. Канканай. Тексерілді, 24 тамыз 2024.
  7. Әлем халықтары/Канканай. Тексерілді, 24 тамыз 2024.
  8. Канканай. Тексерілді, 24 тамыз 2024.
  9. Канканай. Тексерілді, 24 тамыз 2024.
  10. Канканай. Тексерілді, 24 тамыз 2024.