Хиндустандықтар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Хиндустандықтар
хин­да­ви
Бүкіл халықтың саны

500 млн.

Ең көп таралған аймақтар

 Үндістан

 Малайзия

2 млн.

 Мьянма

1 млн.

 ОАР

1,3 млн

 АҚШ

3,4 млн.

 Ұлыбритания

1,5 млн.

 Канада

1,2 млн.

 Фиджи

313 800

 Аустралия

295 400

 Гайана

300 000

 Суринам

148 400

 Пәкістан

150 000

Тілдері

хинди тілі

Діні

индуизм, дәстүрлі нанымдар

ХиндустандықтарҮндістанның Хиндустан тарихи аймағының халқы. Ганг өзенінің жоғарғы және орта ағысының бассейнінде, Уттар-Прадеш және Мадхья-Прадеш штаттары шегінде, Раджастхан мен Харьянаның шығысында, Бихар штатының батысында, сондай-ақ Делидің одақтық территориясында орналасқан.[1][2][3]

Жалпы саны шамамен 500 миллион адам (2016). Сонымен қатар Малайзияда 2 млн адам (2016 ж., статистика департаменті), Мьянмада 1 миллионнан астам адам, Оңтүстік Африка Республикасында 1,3 миллион адамға дейін (2011, халық санағы), АҚШ-та 3,4 млн адам (2010, халық санағы), Ұлыбританияда 1,5 миллион адам (2011 жыл, халық санағы), Канадада 1,2 млн адам (2011, халық санағы), Фиджиде 313,8 мың адам (2007, халық санағы), Аустралияда 295,4 мың адам (2011, халық санағы), Гайанада 300 мың адам, Суринамда 148,4 мың адам (2012, санақ), 150 мыңнан астам адам Пәкістанда тұрады.[4]

Олардың барлығын бір әдеби тіл – хинди тілі біріктіреді. Әртүрлі топтар бұл тілдің көптеген диалектілерінде сөйлейді - кхари боли (оның негізінде әдеби тіл дамыған), бангуру, брадж, канаужи, бундели (батыс хинди диалектілері), авадхи, багхели, чхаттисгархи (шығыс хинди диалектілері).[5]

Сенушілер негізінен индуистар, сонымен бірге дәстүрлі нанымдарды ұстанады.[6]

Хиндустандықтар ежелден егіншілікпен және мал шаруашылығымен айналысады. Көптеген аудандарда жерді өңдеу үшін жасанды суару қолданылады. Негізінен күріш, бидай, бұршақ дақылдары, арпа, жүгері өсіріледі. Өзен маңында тұратын ауыл тұрғындары балық аулаумен айналысады. Ірі қара мал шаруашылығы ешкі, қой, жылқы, сиыр өсіруден көрінеді. Қолөнерден - тоқу, жібек және мақта маталарын шығару, керамика, кілем тоқу, металл ою, зергерлік бұйымдар жасау, парфюмерия өндірісі, тасқа, ағашқа, сүйекке ою, ротанды жиһазды тоқу таралған.[7]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Касталарға бөліну, әсіресе ауылдық жерлерде сақталуда. Әйелі, балалары және басқа туыстары жасы үлкен адамға бағынады. Көп балалы отбасылар жиі кездеседі, олар ата-аналардан, олардың үйленген ұлдары бар балаларынан тұрады. Қыздар өте жас күйеуге шығып, күйеуінің үйіне көшіп кетеді. Ұлдың дүниеге келуі бақыт саналады, отбасында түрлі ырым-жырымдар, мерекелер өткізіледі.

Хиндустандықтардың ауылдағы тұрғын үйлері - сабанмен немесе жапырақтармен жабылған ағаш лашықтардан, қалалық үйлер тастан жасалған.

Жалпы үнділік үлгідегі киімдер киеді: ерлер дхоти немесе тар ақ шалбар киеді, көйлек және алдынан бекітілген ұзын кафтан. Басында сәлде немесе ақ қалпақ. Әйелдер сари және жейде киеді.

Хиндустандықтар тағамдардың негізі көкөністер, шөптер, дәмдеуіштер, дәнді дақылдар болып табылады. Еттен құс еті негізінен тағамға пайдаланылады. Дәмдеуіштерді өте жақсы көреді, олардың тағамдары хош иісті, дәмге бай. Асханасы барлық тағамдармен бірге ұсынылатын ащы, тәтті және қышқыл соустарға толы.[8]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Хиндустанцы http://www.etnosy.ru/node/1664
  2. Большая Советская энциклопедия Хиндустанцы https://my-dict.ru/dic/bolshaya-sovetskaya-enciklopediya/102669-hindustancy/
  3. Значение слова ХИНДУСТАНЦЫ в Большой советской энциклопедии, БСЭ https://slovar.cc/enc/bse/2056206.html
  4. Большая российская энциклопедия https://bigenc.ru/ethnology/text/4666486 Мұрағатталған 26 қаңтардың 2021 жылы.
  5. Большая советская энциклопедия https://dic.academic.ru/dic.nsf/bse/147339/%D0%A5%D0%B8%D0%BD%D0%B4%D1%83%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D1%86%D1%8B
  6. Большой энциклопедический словарь - хиндустанцы http://www.terminy.info/literature/great-encyclopedic-dictionary/hindustancy
  7. Жанна Галактионова Хиндустанцы — особенности жизни жителей Северной Индии Источник: https://travelask.ru/articles/hindustantsy-osobennosti-zhizni-zhiteley-severnoy-indii
  8. народы мира / Хиндустанцы http://www.etnolog.ru/people.php?id=HIND