Content-Length: 215138 | pFad | https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B8%D0%BA%D0%B8%D1%80%D0%BB%D0%B5%D1%80

Микирлер — Уикипедия Мазмұнға өту

Микирлер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Микирлер
арленг
Бүкіл халықтың саны

300 000

Ең көп таралған аймақтар

 Үндістан

Тілдері

микир тілі, ассам тілі

Діні

анимизм

Микирлер (арленг) – Үндістанның Ассам штатының солтүстігін мекендейтін халық.[1][2] Жалпы саны 300 мың адамдай.[3][4]

Микирлердің көпшілігі ассам тілінде сөйлейді (үндіеуропалық отбасының үнді-арий тобына жатады), қалған тұрғындар микир тілінде (қытай-тибет отбасының орталық тобының тілі) сөйлейді.. Микир хаси тілімен фонетикалық және грамматикалық құрылымның көптеген ұқсас белгілері бар.[5]

Діни көзқарастарында көне анимистік нанымға сенушілік көбірек сақталған.[6]

Негізгі дәстүрлі кәсіптері қолмен атқарылатын ауыл шаруашылығы (күріш, мақта, жүгері, қыша, көкөністер). Шошқа, ешкі, құс, сонымен қатар жібек құрты өсіріледі. Найзамен, садақпен, жебемен аңшылықпен және балық аулаумен айналысқан. Дәстүрлі қолөнерден – тоқымашылық, өру, керамика, ұсталық (пышақ, ілмек, т.б., сондай-ақ күміс пен алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар) дамыған.[7]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Отбасылық қатынасы моногамиялық некеге негізделіп, рулық экзогамиялық тәртіп берік сақталған. Қалыңдық үшін қыз әкесіне бірнеше жыл еңбек ету тәртібі кеңінен қолданылады. Микирлер қауымдық-тайпалық қатынастардың ыдырау сатысында. Қауымдастықты ақсақалдар кеңесі басқарады, ол өз мүшелерінен басшы сайлайды. Отбасы әдетте шағын, бөлек көп балалы отбасылар сақталған. Неке патрилокальды.[8][9]

Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауылдары әдетте шашыраңқы болып келеді. Үйлері үлкен, қадаларға орналасқан. қабырғалары бамбуктан жасалып, төбесі шөппен жабылған. Үй екі немесе үш бөлмеге бөлінген, бір немесе екі жағында ашық террассалар бар. Үйдің астында малға арналған үй-жайлар бар.[10]

Дәстүрлі киімдері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дәстүрлі ерлер киімі - дхоти, көйлек, жолақты жеңсіз күрте, әйелдердікі - белдікпен бекітілген тігілмеген белдемше, көбінесе жолақты және күртеше. Дәстүрлі зергерлік бұйымдары - үлкен күміс сырғалар, алқалар, білезіктер.[11]

Дәстүрлі тағамдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Азық-түліктен - күріш, жұмыртқа, көкөністер, балық. Сусындардан күріш сырасын ішеді. Жібек құртының дернәсілдері деликатес болып саналады.[12]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Микир сөзінің мағынасы. Тексерілді, 3 қазан 2024.
  2. Кеңестік тарихи энциклопедия. Тексерілді, 3 қазан 2024.
  3. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі. Тексерілді, 3 қазан 2024.
  4. Микирлер. Тексерілді, 3 қазан 2024.
  5. Микирлер. Тексерілді, 3 қазан 2024.
  6. Кеңестік тарихи энциклопедия. Тексерілді, 3 қазан 2024.
  7. Әлем халықтары/Микирлер. Тексерілді, 3 қазан 2024.
  8. Ресей әмбебап энциклопедиялары. Тексерілді, 3 қазан 2024.
  9. Журавлев Ю.И. Микирлер. Тексерілді, 3 қазан 2024.
  10. Микирлер. Тексерілді, 3 қазан 2024.
  11. Микир халқы. Тексерілді, 3 қазан 2024.
  12. В.А.Тишков Дүние жүзіндегі халықтар мен діндер. Энциклопедия. — Москва: Үлкен Ресей энциклопедиясы, 1999. — Б. 343. — 930 б. — 100 000 таралым. — ISBN 5-85270-155-6.








ApplySandwichStrip

pFad - (p)hone/(F)rame/(a)nonymizer/(d)eclutterfier!      Saves Data!


--- a PPN by Garber Painting Akron. With Image Size Reduction included!

Fetched URL: https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B8%D0%BA%D0%B8%D1%80%D0%BB%D0%B5%D1%80

Alternative Proxies:

Alternative Proxy

pFad Proxy

pFad v3 Proxy

pFad v4 Proxy