Фридрих Энгельс
Фридрих Энгельс | |
нем. Friedrich Engels | |
Уильям Холлдың Брайтонындағы Фридрих Энгельс, 1879 ж | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері |
Бармен, Пруссия патшалығы |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | |
Ұлты | |
Шығармашылығы | |
Шығармалардың тілі | |
Мектеп/дәстүр | |
Кезең |
19 ғасыр философиясы |
Негізгі қызығушылығы |
Философия, Саяси философия, Экономика, Саяси Экономия, Таптық күрес |
Ықпал еткендер |
Гераклит, Гёте, Гегель, Карл Маркс, Людвиг Фейербах, Макс Штирнер, Жан-Жак Руссо, Адам Смит, Мозес Гесс, Шарль Фурье, Давид Рикардо, Льюис Генри Морган |
Ықпалды жалғастырушылар |
Марксистер |
Қолтаңбасы |
Фридрих Энгельс (1820 жылғы қарашаның 28-і – 1895 жылғы тамыздың 5-і) — неміс төңкерісшілі және пәлсапашысы. Ол өзінің көбірек белгілі досы және әріптесі Карл Маркспен бірге коммунизм теориясын дамытып, Коммунистік партияның манифесі атты еңбекті жазды (1848). Сонымен бірге Енгелс Маркстың қайтыс болғанынан кейін Капиталдың екінші және үшінші томдарын өңдеп, баспаға әзірледі.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жастық шағы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Фридрих Енгелс Пруссия патшалығының Райн провинциясындағы Бармен қаласында дүниеге келді. Оның әкесі мата өндірісімен шұғылданған кәсіпкер болатын, кейін Енгелстің онымен қарым-қатынастары жиі-жиі күрделі болып отырды.[1] Отбасылық жағдайына байланысты Енгелс мектепті тастап, 1838 жылы Бремендегі сауда үйінде жалақы алмайтын кеңсе қызметкері болып жұмыс істеуге жіберілді.[2][3] Осы кезде Енгелс неміс пәлсапасына ықпалы зор болып отырған Гегел ілімімен таныса бастады. 1838 жылдың қыркүйек айында ол «Бремишес конверсационсблатт» басылымның 40 санында «Бәдәуи» атты поэмасын жариялады. Ол басқа да әдеби және журналистік шығармалармен шұғылданды.[4][5] 1841 жылы Енгелс Пруссия әскеріне артиллерия бөліміне әскери қызмет атқаруға енді. Бұның себебінен ол Берлинге жіберіліп, онда ол университет лекцияларын тыңдап, жас һегельшілермен жақын қатынас орнатып, Райнише Цайтунг газетінде мақалалар жариялап жүрді.[3] Өмір бойы Енгелс өзінің рухани дамуы үшін неміс пәлсапасына қарыздар екенін айтып жүрді.[2]
Англия
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1842 жылы 22 жасар Енгелс әкесі акционерлерінің бірі болып табылатын «Ермен және Енгелс» текстиль фирмасында жұмыс істеу үшін Англиядағы Манчестер қаласына жіберілді.[6][7] Енгелстің әкесінің сондағы үміті баласының қалыптасып келе жатқан радикал көзқарастарын өзгертпей ме деген болатын.[2][7] Манчестерге жол жүріп бара жатқан кезде Енгелс Райнише Цайтунг газетінің редакциясына барып, сонда Карл Маркспен бірінші рет кездесті.[8] Манчестерде Енгелс Мери Бернс деген жас әйелмен танысып, Мери Бернс 1862 жылы қайтыс болғанға дейін екеуі өзвара тығыз қарым-қатынас орнатты.[9] Мери Енгелсті Манчестермен таныстырып, ағылшын жұмысшы табы туралы көп мағлұмат берді. Екеуінің қарым-қатынасын өмірлік серіктестік деп атауға болатын, олар ресми түрде неке қиысқан жоқ, себебі Енгелс отбасын табиғатқа қарсы және әділетсіз деп санап, отбасы ұғымына мүлдем қарсы болды.[10]
Манчестерде Енгелс ағылшын жұмысшыларының жантүршігерлік жағдайын өз көзімен көріп, жазып алып отырды. Оның бірінші кітабы — 1844 жылы Англиядағы жұмысшы табының жағдайы деген кітабы негізінен осы жасаған бақылауларына және әкесінің фирмасында жұмыс істеп жүрген кездерінде өз көзімен көргендеріне негізделген. «Жұмысшылардың жағдайын» жазып жүрген кезінде Енгелс радикалды журналистика мен саясатпен айналысуын жалғастыра берді. Ол ағылшынның лейборист және чартист қозғалыстарының кейбір мүшелерімен жақын танысып, «Нортерн Стар», Роберт Оуеннің Ню Морал Уорлд және Демократик Ревью сияқты басылымдарда мақалалар жариялап тұрды.[9][11]
Париж
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Англиядағы табысты өткен уақытынан кейін Енгелс 1844 жылы Германияға қайтуды ұйғарады. Жол жүріп бара батып, ол Парижде кідіріп, бұрыннан бері хат жазысып жүрген Карл Маркспен кездеседі. Маркс пен Енгелс 1844 жылғы тамыздың 28-інде «Пляс дю Пале» алаңындағы «Кафе де ла Режонс» кафесінде кездесті. Екеуі сол кезден бастап өмірлерінің соңына дейін жақын досқа айналады. Ақыры Енгелс Марксқа «Киелі отбасы» деген кітап жазуға көмектесу үшін Парижде ұзағырақ уақытқа қалады. Бұл кітапта жас һегелшілдер мен ағайынды Брунолар сынға алынады. Енгелс одан бұрынырақ сол жылы Маркс пен Арнолд Руге бірлесіп шығаратын журналға мақалалар жазды.[6]
Брюссель
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1845 пен 1848 жылдардың арасында Енгелс пен Маркс Брюссельде тұрып, қаланың неміс жұмысшыларын ұйымдастырумен айналысты. Сонда келе салысымен олар құпия жұмыс істейтін неміс коммунистік лигасының мүшелігіне кірді. Лига оларға коммунизм идеяларын түсіндіретін бір шығарма жазуды тапсырды. Соның нәтижесінде «Коммунистік партияның манифесі» пайда болды. Ол алғаш рет 1848 жылғы ақпанның 21-інде жарияланды.
Пруссияға қайтып оралу
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1848 жылдың ақпан айында Францияда төңкеріс орын алды. Ол кейін басқа да Батыс Еуропа елдеріне тарады. Сол себепті Енгелс пен Маркс өздерінің отаны Пруссияға қайтып оралды. Олар Кёльн қаласынпда қоныстанды, сонда олар Нойе Райнише Цайтунг атты жаңа газет шығара бастады.[6] Бірақ 1849 жылдың маусымындағы Пруссияда болған мемлекеттік төңкерістен кейін газет қудалана бастады. Енгелс пен Маркс бір-бірінен көз жазып қалды, Маркс өзінің пруссиялық азаматтығынан айырылып, Парижге, кейін Лондонға қашты. Енгелс Пруссияда қалып, Виллих қаласының еріктілер корпусының адъютанты ретінде оңтүстік Германияда орын алған қарулы көтеріліске қатысты.[12] Көтеріліс басып-жаншылғаннан кейін Енгелс босқын ретінде Швейцарияға қашып, кейін ол да Англияға келді.[2]
Қайтадан Манчестерде
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ http://www.marxists.org/archive/marx/works/1845/letters/45_03_17.htm
- ↑ a b c d http://www.marxists.org/archive/lenin/works/1895/misc/engels-bio.htm
- ↑ a b Tucker, Robert C. The Marx-Engels Reader, p.xv
- ↑ http://www.marxists.org/archive/marx/works/cw/volume02/preface.htm
- ↑ http://www.marxists.org/archive/marx/works/cw/volume02/footnote.htm#188
- ↑ a b c http://www.marxists.org/archive/marx/bio/engels/en-1893.htm
- ↑ a b http://www.bbc.co.uk/legacies/work/england/manchester/article_1.shtml
- ↑ Wheen, Francis Karl Marx: A Life, p. 75
- ↑ a b http://www.bbc.co.uk/legacies/work/england/manchester/article_2.shtml
- ↑ http://www.marxists.org/archive/marx/works/1884/origin-family/index.htm
- ↑ http://www.marxists.org/archive/marx/works/1880/05/04.htm
- ↑ http://www.marxists.org/archive/marx/bio/engels/en-1892.htm
- 28 қарашада туғандар
- 1820 жылы туғандар
- 5 тамызда қайтыс болғандар
- 1895 жылы қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Лондонда қайтыс болғандар
- Философтар
- Вупперталда туғандар
- Маркстанушылар
- Марксистер
- Германия коммунистері
- Германия философтары
- XIX ғасыр философтары
- Германия экономистері
- XIX ғасыр экономистері
- Материалистер
- Полиглоттар
- Саясатшы-эмигранттар
- Германия революционерлері
- Германия социалистері
- Әлеуметтік философтар
- Саяси философтар